qaz
Академия әдістемелік орталықтармен тақырыптық кездесу өткізді

Алтынсарин академиясы қолданыстағы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары және жұмыс оқу жоспарлары ерекшеліктерін талқылау үшін өңірлік әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлерімен, мектеп басшыларының орынбасарларымен және педагогтермен тақырыптық кездесу өткізді. 

Кездесуде Академияның Орта білім мазмұны институтының аға ғылыми қызметкері Айгүл Қайыпбаева сөз сөйледі. Іс-шара барысында әдіскерлер жалпы білім беру ұйымдарының оқу процесінде үш нормативтік-құқықтық актінің өзара іс-қимыл мәселелерін белсенді талқылады. Вебинарға қатысушылар білім беру процесін нормативтік қамтамасыз етудің маңызды аспектілерін тереңірек түсініп, өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.