qaz
Кәсіптік бағдар беру жұмысына арналған республикалық семинар өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру бағыттары» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. 

Семинарға педагог-кәсіптік бағдар берушілер, педагог-психологтер, орта білім беру ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының өкілдері, зерттеушілер мен ғылыми қызметкерлер, білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың өкілдері, мүдделі ұйымдар мен кәсіптік бағдар беру жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. 

Алтынсарин академиясының Үздіксіз кәсіби білім беру институтының директоры Маржан Ғалымжанова семинарға қатысушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлау, дамыту перспективалары, мамандық таңдаудың психологиялық аспектілері, тиімділігін бағалау мәселелерін түсіндірді. 

Семинар спикерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа мамандықтар, мамандық түрлері, үздік іс-шаралар мен жобалар, іс-тәжірибелер мен проблемалар, жұмысты басқару принциптері мен іске асыру жолдары, шетелдік тәжірибе туралы баяндап, өз ұсыным-кеңестерін берді. 

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.