qaz
Павлодар өңірінің тірек және шағын жинақты мектептеріне арналған семинар туралы

Академияның Орта білім мазмұны институты директорының орынбасары Салтанат Жұмабаева ауыл және шағын жинақты мектептерді цифрландыру жобасы шеңберінде Павлодар облысының тірек және шағын жинақты мектептерінің педагогтеріне семинар өткізді. 

Іс-шара барысында бірлескен сыныптардың оқу процесін жоспарлау және оқытудың заманауи әдістерін қолдану мәселелері талқыланды. Семинарда ауыл және шағын жинақты мектептерге цифрлық мүмкіндіктерді енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылды.

 Сонымен қатар педагогтер тірек және шағын жинақты мектептер жағдайында оқу процесін жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдану бойынша тәжірибелері және идеяларымен алмасты.