Жаңалықтарға қайту
17.01.2024
Әдіскер-ғалым Ж.Қараевтың дәрісі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев дәріс оқыды.
Аталған іс-шараға Алтынсарин академиясының ұжымы, Балаларды ерте дамыту институты, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының мамандары қатысты.
Дәрісте әдіскер-ғалым Ж.Қараев білім беру бағдарламаларының мазмұны, критериалды бағалау, оқу мақсаттарын құру, мектепте білім сапасын арттырудың технологиялық негіздері мәселелері бойынша өзінің ғылыми қызметінің нәтижелерін таныстырды.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.