qaz
Академия Павлодар облысының педагогикалық қауымдастығымен семинар өткізді

Алтынсарин академиясы МЖМБС түсіндіру мақсатында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Павлодар өңірінің педагогикалық қауымдастығымен кездесу өткізді. 

Аталған іс-шараға университеттің ПОҚ, білім басқармасының өкілдері, әдіскерлер, педагогтер біліктілігін арттыру ұйымының тренерлері, мұғалімдер мен мектеп директорлары қатысты. 

Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов кездесуге қатысушыларға МЖМБС мазмұны мен үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін таныстырды. Атап айтқанда, білім беру салалары бойынша оқыту нәтижелерін, пәндердің мақсаттары мен міндеттерін, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мазмұнды кіріктіруін, оқу бағдарламаларының жүйелілігі мен сабақтастығын, сонымен қатар олардың білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігін қоса алғанда, МЖМБС қолдану саласының мәселелерін талқылады. 

Еліміздің педагогикалық қауымдастығымен кездесулер жалғасуда.