Жаңалықтарға қайту
12.01.2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлікке бағынысты ұйымдар ұжымымен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлікке бағынысты ұйымдардың ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева Академияның 2023 жылы атқарған негізгі жұмыстар туралы есеп беріп, 2024 жылға арналған даму перспективаларын баяндады.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев саланың әрбір қызметкерінің басты мақсаты білім сапасын арттыруға баса назар аудару екенін атап өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша министр жиынға қатысушылармен министрлік және оның ұйымдарымен 2024 жылға арналған бірлескен жобалар мен оларды іске асыру жолдары және тетіктерін талқылады.