qaz
Алтынсарин академиясы мен Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы бірлескен семинар өткізді

Алтынсарин академиясы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығымен бірге МЖМБС мазмұны мен Үлгілік оқу бағдарламаларын талқылауға арналған семинар өткізді. 

Академияның Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова, Орта білім институты директорының орынбасары Салтанат Жұмабаева, Дидактика зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Ардақ Дүйсенбаева МЖМБС мазмұны мен Үлгілік оқу бағдарламаларының ерекшеліктерін таныстырды. 

Семинар барысында білім беру салалары бойынша оқыту нәтижелері, МЖМБС қолдану аспектілері, құндылықтар мен құзыреттер жүйесі, олардың сабақтастығы, жүйелілігі мен іске асырылу ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық тәсілдер мен мазмұнды іске асыру тетіктеріне талдау жасалды.