qaz
МЖМБС пен ҮОБ мазмұнын талқылады

Атырау қаласында Алтынсарин академиясы өңірлік оқу-әдістемелік орталықпен бірлесіп МЖМБС мазмұны мен үлгілік оқу бағдарламаларын талқылау бойынша семинар өткізді. 

Академияның Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту орталығының директоры Анар Тәңірбергенова осы құжаттардың ерекшеліктерімен таныстырды. 

Семинар аясында білім беру салалары бойынша оқыту нәтижелері, МЖМБС қолдану мәселелері, құндылықтар мен құзыреттер жүйесі, олардың сабақтастығы, жүйелілігі мен іске асыру ерекшеліктері талқыланды. Сондай-ақ білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды іске асыру тетіктері талданды.