qaz
ПЕДАГОГТЕР НАЗАРЫНА

Мұғалімдердің кейбір мессенджер-чаттарында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Алғыс хатын қаржылай сыйақыға сатып алуға болатыны туралы ақпарат тарауда. 

Осы ақпараттың ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІН хабарлаймыз. Алғыс хаттармен Академияның іс-шараларына тікелей қатысқан немесе оның қызметін дамытуға өз үлесін қосқан педагогтер ғана марапатталады (ТЕГІН). 

Сонымен қатар құжаттарды қолдан жасау құқықтық жауапкершілікке тартатынын және осыған байланысты Академия жалған құжаттарды дайындаушыларға қатысты заңды іс-әрекеттерге жүгінетінін ескертеміз. 

Академия қызметіне қатысты құжаттардың түпнұсқалығын анықтау үшін келесі телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз: 72 58 83