«Алтынсарин Академиясы хабаршысы» журналының төртінші саны жарияланды

Құрметті әріптестер! Академия сайтында «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының төртінші саны жарияланғанын хабарлаймыз. Журналдың мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу. Журнал келесі айдарлардан тұрады: білім беру саясаты, оқыту әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық, тәрбие үдерісі және психологиялық қызмет, арнайы және инклюзивті білім беру. 

«Әдістемелік компас» айдарында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау (ББЖМ-2023)» аналитикалық есебі, Инклюзия жағдайында білім беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар және Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді. Журналдың толық нұсқасымен Академия сайтында мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://uba.edu.kz/qaz/nauka/3