Жаңалықтарға қайту
21.12.2023
ESD-Net 2030 жаһандық кеңесі туралы
Жапония астанасы – Токио қаласында 2030 жылға дейінгі кезеңде тұрақты даму мүддесі үшін білім беру жөніндегі елдер бастамаларын (ТДБ) іске асыруға арналған ESD-Net 2030 жаһандық кеңесінің жұмысы аяқталды. Кеңес жұмысына әлемнің 80-нен астам елінің өкілдері қатысты.
Азия-Тынық мұхиты өңірі тобының жұмысында Алтынсарин академиясының вице-президенті Аида Ахметжанова Қазақстанның ТДБ-ны оқу бағдарламалары арқылы ілгерілету жөніндегі тәжірибесін таныстырды. Аталған іс-шараны ЮНЕСКО ұйымы Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар 2024-2025 жылдарға арналған ТДБ жөнінде өңірлік және жаһандық басымдықтарды айқындады.