qaz
МЖМБС пен Үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын талқылады

Алматы қаласында Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдерімен МЖМБС пен Үлгілік оқу бағдарламалары мазмұнын талқылау кездесуі болып өтті. 

Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов кездесуге қатысушыларға МЖМБС пен Үлгілік оқу бағдарламалары білім мазмұнының ерекшеліктерін таныстырды. Атап айтқанда, білім беру салалары бойынша оқыту нәтижелерін, қоса алғанда МЖМБС-ті қолдану, пәндердің мақсаты мен міндеттері, оқу бағдарламаларының функционалдық сауаттылығы, бірізділігі мен сабақтастығын қалыптастыруға бағытталған контентті біріктіру, сонымен қатар олардың білім алушылардың жас және физиологиялық ерекшелігіне сәйкестігі мәселелерін талдады.