Жаңалықтарға қайту
07.12.2023
Климат және экология туралы семинар өтті
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында «Орталық Азия жастарының климат туралы білімін және кәсіпкерлігін ынталандыру: Климаттық тұрақтылыққа апарар жол» атты семинар болып өтті.
Аталған іс-шараны Дүниежүзілік банкі Өзбекстан Ұлттық университеті, Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі және Білім беру министрліктерімен бірге ұйымдастырды.
Семинар жұмысында Алтынсарин академиясының вице-президенті Аида Ахметжанова қатысып, Қазақстанның білім беру саясатында экологиялық білім беруді ілгерілету, оның ішінде оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асыру тәжірибесін таныстырды. Іс-шараның қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің экологиялық тұрақтылығының негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар әзірленеді.