Қостанай қаласына жұмыс сапары аясында Академия президенті Ғани Бейсембаев өңірдің әдіскерлерімен кездесу өткізіп, әдістемелік орталықтардың қызметін оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Кездесуге білім басқармаларының, облыстық, қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтарының, Назарбаев Зияткерлік мектебінің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, «Қостанай облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ және т.б. өкілдері қатысты.
Әдістемелік орталықтардың қызметіндегі мәселелер, сондай-ақ олардың жұмысын оңтайландыру жолдары талқыланды.
«Қазіргі уақытта әдістемелік орталықтар өз аймақтарында педагогикалық инновация мен заманауи озық тәжірибелерді тарататын орталықтарға айналуы тиіс. Ол үшін әдістемелік орталықтардың жұмысын жақсарту жолындағы барлық мәселені шешу қажет», – деді Ғани Бейсембаев.