Жаңалықтарға қайту
25.11.2023
Академия «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы: білімнің кілті» атты фасилитациялық сессия өткізді
Алтынсарин академиясы Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру зертханасының ұйымдастыруымен республика бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы: білімнің кілті» фасилитациялық сессиясы ұйымдастырылды.
Сессияның бірінші бөлімінде «PIRLS 2021 зерттеу нәтижелеріне» шолу жасалып, әдіскерлер тарапынан «Коммуникативтік тәсіл және мәтінмен жұмыс жасаудың алгоритмдері» тақырыбында әдістемелік ұсынымдар берілді. Екінші бөлімінде бастауыш сынып педагогтері «Дүниетану сабағында тұтас мәтіндермен жұмыс арқылы оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар түрлері», «Әдебиеттік оқу пәнінде оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша тапсырмаларды талдау», «2-4 сыныптарда ұқсас оқу мақсаттар желісі бойынша мәтінмен жұмыс», «Математика пәнінде тұтас емес мәтінмен жұмыс - оқу сауаттылығын қалыптастыру құралы» тақырыптарында оқу сауаттылығын қалыптастыру бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Сессияға А. Байтұрсынұлы атындағы «Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығының» мамандары, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» және өңірлерден 500-ге жуық бастауыш сынып әдіскерлері, практик-педагогтер қатысты. Семинар жазбасымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://youtu.be/-9Y-KQW2QL0