Алтынсарин академиясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетімен бірге ББЖМ-2023 нәтижелерін талқылау бойынша бірнеше семинар өткізді.
Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығының сарапшылары семинарларға қатысушылар назарына екі жыл динамикасында Қазақстан бойынша және еліміздің әрбір өңірі бойынша Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингі нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, ББЖМ нәтижелері оқыту тілі, мектептің орналасқан жері мен түрі, тапсырмалардың қиындық деңгейлері және т.б. сияқты параметрлер тұрғысынан ұсынылды. Сонымен қатар білім беру саласының қатысушы стейкхолдерлеріне мониторинг қорытындысы бойынша сұрыпталған ұсынымдар берілді.
Семинар жұмысына білім басқармалары, әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің өкілдері, сонымен қатар ББЖМ-2023 қатысқан мектептердің басшылары мен мұғалімдері, барлығы 2500-ден аса адам қатысты.