Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен онлайн-режимде кезекті «Әдістемелік күндер» кеңесі өтті.
Кеңесте орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысы және Алматы қаласы әдістемелік орталығының озық іс-тәжірибесі қаралды.
Академияның Үздіксіз кәсіби білім беру институтының директоры Маржан Ғалымжанова кеңеске қатысушыларды кәсіптік бағдар беру жүйесі, кәсіптік ағарту, іріктеу мен бейімдеу мәселелері, кәсіптік бағдар беру кезеңдері, жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттары және бағалау критерийлерімен таныстырды. Спикер кәсіптік бағдар беру жүйесінің шетелдік тәжірибесін де талдап, шетелдік жобалар туралы айтты.
Сонымен қатар кеңесте Алматы қаласы әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сандуғаш Атайбек «Педагог-шебер – озық тәжірибе» және «Тәжірибе – жастарға» бағдарламалары, «Алматы мектептері» үшжылдық халықаралық жобасы, «Мұғалім – мұғалімге» жобасы мен қалалық жобалармен, олардың педагогикалық аспектілері, іске асыру жолдары, нәтижелері туралы баяндады.
Кеңес соңында әдістемелік орталықтардың басшылары өзара пікір алмасты.