qaz
Алтынсарин академиясы мен Арқалық ПИ меморандумға отырды

Алтынсарин академиясы және Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы құжатқа Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық ПИ ректоры Ержан Әмірбекұлы қол қойды.

Меморандум аясында орта білім беру саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, заманауи зерттеу топтарын құру, ғылыми тағылымдама ұйымдастыру және өткізу, білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу мәселелері қарастырылған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.