Алтынсарин академиясының сайтында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау (ББЖМ-2023) аналитикалық есебі жарияланды. Аталған есепті Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығы әзірледі.
Аналитикалық есепте білім алушылардың нәтижелерін білім беру ұйымдарының түрі мен орналасқан жері, 4 және 9 сынып білім алушыларының оқыту тілі, оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларының тақырыптары мен қиындық деңгейлері секілді әртүрлі параметрлер бойынша салыстыру қамтылған. Мониторинг қорытындылары өңірлер бөлінісінде және 2 жылдың динамикасында талданды. Аналитикалық есеп туралы толық ақпарат келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3