qaz
Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекші ғылыми қызметкері Адиет Каиркен Балтағұлұлын философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз! 

Диссертация «Тарих» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының Түркі әлемі елдерімен мәдени байланыстары» тақырыбында Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде қорғалды. Ғылыми кеңесшілері: – Аяған Бүркітбай Ғелманұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары (Астана қ., Қазақстан Республикасы); – Айгүн Аттар – философия докторы (PhD), Giresun University профессоры (Гиресун қ., Түркия Республикасы).