«Құқық негіздері» пәні бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар туралы

Алтынсарин академиясында «Құқық негіздері» пәні бойынша практикаға бағытталған оқыту әдістері мен тәсілдері» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.

Семинар тренинг түрінде жүргізілді. Қатысушылар білім алушылардың құқықтық сауаттылығына және практикаға бағытталған пәнді оқыту әдістерімен бөлісіп, құндылыққа бағдарланған тәсіл негізінде оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту, сонымен қатар нақты өмірлік жағдайларды шешуде құқықтық нормаларды қолдану мәселелерін талқылады.

Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 1000-нан аса әдіскер, педагогтер, сарапшылар мен тренерлер қатысты. Семинар жазбасымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://youtu.be/ykFFOKG-yOI?si=6DoKbTjnthZnO0fC