Алтынсарин академиясы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары ғалымдарымен бірлесіп «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» ҒТБ бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Осылайша, аталған бағдарлама шеңберінде Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығымен бірге «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім беру мазмұнын бағалау жүйесін жетілдіру» атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
Семинарға ҚР ОМ-ның Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов, ғалымдар, мамандар, оқу әдебиеттерінің сарапшылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Осы іс-шарада білім беру мазмұнын сараптаудың электронды платформасын іске асыру, ортақ цифрлық технологиялар арқылы білім беру мазмұнын сараптау процесін интеллектуализациялау мәселесі қаралды, сонымен қатар Білім беру мазмұнын сараптаудың электронды платформасының тұжырымдамасы таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ашық сұхбат форматында пікір алмасып, ой бөлісті.