Алтынсарин академиясы Орта білім институтының «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» пәндері зертханасының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Жайнар көңіл, қайнар өмір, Ар білімі оқылса...» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Онлайн режимде жүргізілген семинарға 150-ден аса мұғалім қатысты.
Семинарда Алтынсарин академиясының вице-президенті Р.Ә. Қаратабанов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ-дың директоры, ф.ғ.к., академик Ж.М. Әубәкір, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.к. Р.Б. Бораш, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Абай және ұлттық руханият» ҒЗО-ның жетекшісі, ф.ғ.к. А.Т. Смағұлова мен Астана қаласы №79 мектеп-лицейінің мұғалімі Л.Қ Ақшолақова шәкәрімтану мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасады.