Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен онлайн-режимде кезекті «Әдістемелік күн» кеңесі өтті.
Кеңесте Алтынсарин академиясы журналдарының талаптары туралы және Алматы облысы әдістемелік орталығының іс-тәжірибесі қаралды.
Мәжіліске қатысушыларды Академияның жетекші сарапшысы Қуандық Тайболатов «Білім» ғылыми журналы мен «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» әдістемелік журналдарының басым бағыттары, мақалаларды қабылдау мерзімі мен жариялану мерзімі, мақала құрылымы мен метадеректер туралы таныстырды.
Кеңесте Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлжихан Иманхатова «Алматы облысының білім сапасын арттыру жол картасы» шеңберінде жүзеге асырылған іс-тәжірибемен бөлісіп, білім сапасын арттыру мақсатында өңірде іске асқан «Табыс траекториясы», «Мектепті тиімді басқару» мен «Табысты 50 мектеп» жобалары туралы баяндады.