Алтынсарин академиясы Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогтердің құзыреттілігінің деңгейлік мазмұны және оны үздіксіз кәсіптік білім беру жағдайында бағалау тетіктері» атты халықаралық конференциясы шеңберінде педагогикалық колледждер басшыларымен ашық алаң іс-шарасы өткізілді.
Аталған іс-шараға Алматы облысы мен Алматы қаласының колледждер директорлары қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева құттықтау сөзінде педагог кадрларды даярлауда педагогикалық колледждердің маңызды рөлін ерешке атап өтті.
Ашық алаң іс-шарасына қатысушылар колледждерді трансформациялау моделінің тұжырымдамалық негіздерін, оқу орындары қызметінің нормативтік-құқықтық аспектілерін талқылады, сонымен қатар әзірленген жоба бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын енгізді.
Іс-шара «Білім және ғылым жүйесін дамытудың ғылыми негіздері» НҚБ шеңберінде жүргізілді.