qaz
Алтынсарин академиясы және Абай атындағы ҚазҰПУ меморандумға отырды

Алтынсарин академиясы және Абай атындағы ҚазҰПУ өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде жоғары педагогикалық білім беруді жаңғырту бойынша бірлескен талдамалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру, ғылыми және кәсіптік іс-шараларды, оның ішінде педагогтердің кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету және арттыру мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту семинарларын өткізу көзделген.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.