qaz
Республика күні мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер, сіздерді Республика күні мерекесімен құттықтаймыз! 

Республика күні – тарихи әрі ұлттық мерекеміз. Бұл күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. 

Осы айтулы күнде білім беру саласына қосқан елеулі үлестері үшін Академиямыздың бас ғылыми қызметкерлері Жауынбай Қараев «Парасат» орденімен және Орденбек Мазбаев «Құрмет» орденімен марапатталды. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Әрбір азамат еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлесін қоса берсін.

Баршаңызға амандық, жақсылық пен береке тілейміз!