qaz
Алтынсарин академиясының қызметкерлері RCEC директоры Арнольд Брауэрмен кездесті

Алтынсарин академиясының қызметкерлері RCEC (Research Center for Examination and Certification) сертификаттаудың халықаралық зерттеу орталығының директоры Арнольд Брауэрмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім алушылардың жетістіктерін сыртқы және сыныпішілік бағалаудың отандық жүйесінің перспективаларын, сонымен қатар Оқушылардың білім алудағы жетістіктерінің мониторингін (ОБЖМ) халықаралық аккредиттеуді жүргізу рәсіміне қатысты RCEC-тің ағымдағы қызметін талқылады. Кездесуге қатысушылар ЭЫДҰ халықаралық зерттеулеріне ұқсас ОБЖМ құралдарын стандарттау жөніндегі мақсатқа жету үшін қажетті шаралар туралы пікірлерімен алмасты.