Жаңалықтарға қайту
23.10.2023
«Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында республикалық кеңес өтті
ҚР ОМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету, Ы. Алтынсариан атындағы ҰБА, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия базасында «Мектепішілік бақылау жүйесіне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында республикалық кеңес өтті. Кеңеске республиканың барлық өңірлерінен келген әдіскерлер, мектеп директорлары қатысты. Кеңес барысында білім сапасын арттыру жолында мектеп ішінде мониторинг пен бағалауды тиімді ұйымдастырудың озық тәжірибелері бойынша теориялық және практикалық ақпарат беріліп, кейстер талқыланды.