Алтынсарин академиясы Инклюзивті білім беру орталығы әдістемелік ұсынымдарды жариялағанын хабарлаймыз.
Бірінші нұсқаулық – Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар. Бұл нұсқаулықта хронологиялық реттілікпен инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарға жан-жақты шолу жасалған және талдау ұсынылған. Нұсқаулықта цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, педагогтер қауымына мемлекеттің инклюзивті саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар берілген.
Екінші нұсқаулық – Инклюзия жағдайында білім беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар. Осы нұсқаулықта заманауи ақпараттық технологиялар, білім беру платформалары, онлайн-сабақтар мен т.б. жүйелерде жұмыс жасау тетіктері мен амал-тәсілдері ұсынылған.
Әдістемелік ұсынымдар келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3