Алтынсарин академиясының ғалымдары ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылған «Әсерден қолдауға дейін: тұлғаға бағытталған трансформациялық білім берудегі қазіргі трендтер. Оқыту ортасы және педагогтің рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізуге атсалысты.
Дөңгелек үстел жұмысы ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық қарым-қатынасты жолға қоюға, мектепке дейінгі және орта білім берудің өзекті мәселелері бойынша табысты білім беру тәжірибелерімен алмасуға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар назарына мектепке дейінгі ұйымдарда және мектептерде жеке тұлғаны дамытудың, балалардың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз етудің өзекті тәжірибелері ұсынылды. Аталған іс-шара жұмысына ЮНЕСКО өкілдері, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ғалымдары, Белорусь елінің, «Вклад в будущее» қайырымдылық қоры, ҚР ОМ Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері қатысты.