9-11 қазан күндері Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова мен Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА «Психология, тәрбие және тұлғаны дамыту» орталығының директоры Анар Тәңірбергенова Түркістан облысы білім басқармасының қолдауымен Біртұтас тәрбие бағдарламасын түсіндіру мақсатында семинар өткізді.
Тәрбие бағдарламасына арналған диалогтік тренинг форматындағы семинар Түркістан қаласында, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш, Жетісай ауданы орталықтарында да жүргізілді.
Тренингтік іс-шараға қатысушылар өскелең ұрпақ бойында жалпыадамзаттық және ұлттық қасиеттерді дарыту, тәрбие процесінде ұлттық мүдде, ар-ұят, талап құндылықтарын тиімді іске асыру жолдары мен тетіктері туралы мәселелерді жан-жақты талқылады.
Семинарға Түркістан облысы 17 ауданының тәрбие ісі мамандары, құзырлы органдары өкілдері мен ата-аналар комитетінің төрағалары, жиыны 2 500 адам қатысты.