9-10 қазан күндері Алтынсарин академиясы ШҚО Білім беру басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласында «Қазақстанда мектепке дейінгі және орта білім беруді жетілдірудің тұжырымдамалық тәсілдері: заманауи трендтер мен іске асыру жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде «Жоғары мектепті бейіндеудің жаңа моделі» секциясының отырысын өткізді.
Секция жұмысында «Білім беру жүйесі мен ғылымды жаңғыртудың ғылыми негіздері» бағдарламасын іске асыру бойынша ғалымдар зерттеулерінің нәтижесі ретінде бейінді мектеп моделі және Өскемен қ. білім беру бөлімінің «Бейінді мектеп» КММ модельді сынақтан өткізу қорытындысы ұсынылды.
Ұсынылған модель білім беру үрдісінің сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, жас мамандарды даярлау бойынша ғалымдар, бизнес пен индустрия өкілдерінің ынтымақтастығын дамытуға ықпалдасады.
Сонымен қатар секция барысында технологиялардың қарқынды дамуы мен цифрлық өндірістің өсуі жағдайында орта білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шараға еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, педагог-кәсіптік бағдар берушілер, әдіскерлер, ЖОО мен колледждердің, бизнес пен өндірістің өкілдері қатысты.
Конференция шеңберінде Өскемен қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінде педагогикалық білім беру ұйымдарын трансформациялау модельдерін талқылау жүргізілді. Академия ғалымдары п.ғ.д. К.Н. Болатбаева мен PhD А.Ж. Архыматаева талқылауға қатысушыларды трансформациялау модельдерін зерттеу нәтижелерімен және өтпелі, перспективалық модельдердің ерекшеліктерімен таныстырды.
Іс-шараға қатысушылар орта білім және жоғары білім арасындағы сабақтастық, нормативтік-құқықтық негіздемелер, модельдерді жетілдіру мәселелерін талдай отырып өз ұсыныстарымен бөлісті.