qaz
Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми журналының үшінші шығарылымының жарық көрді

Құрметті әріптестер!

Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми журналының үшінші шығарылымының жарық көргенін хабарлаймыз.

Біздің басылымның бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап өткіміз келеді:

1 .️ Қазақстандағы тек орта білім беру мәселелеріне арналған бірегей ғылыми журнал. Журналда  осы саланың өзекті аспектілерін қарастыратын зерттеулерді таба аласыз.

2. Журнал сайты bilim-uba.kz Google Scholar-мен біріктірілген, бұл авторларға өз мақалаларының дәйексөздерін бақылауға және оқырмандар қауымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

3. Журналдың әр санында педагогика ғылымдары бойынша докторанттардың қорғалған диссертацияларының тізімі және Scopus және Web of Science сияқты халықаралық ғылыми-өлшемдік базаларда жарияланған  мақалаларына сілтемелер берілген.

4. Мақаланы жариялау процесінде әр автормен жеке жұмыс жасау және редакторлық қолдау.

Журналдың үшінші шығарылымымен сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар: https://bilim-uba.kz/index.php/science/issue/view/77