qaz
Серікбай Бисекеевпен кездесу

Академия ғалымдары «Бәрі де өз қолыңда» атты қазақстандық бестселлердің авторы Серікбай Бисекеевпен кездесті. Ол сондай-ақ энергетика мен телекоммуникация саласындағы интеграциялық шешімдерді өндіруші және жеткізуші болып табылатын халықаралық компанияның негізін қалаушы.

Ментор және кәсіпкер Серікбай Бисекеев Академия ғалымдарына өзінің «Roboschool» білім беру жобасы туралы, сондай-ақ қазір өзі тұратын Сингапурдағы мұғалім мәртебесі туралы айтып берді.

Кездесу соңында Серікбай Бисекеев қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.