I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

Биылғы жылдан бастап 5 қазанда ресми түрде аталып өтетін Ұстаздар күні қарсаңында  еліміздің барлық өңірлерінен ұстаздар І  республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордаға келді.

Мерекелік бағдарлама аясында ұстаздар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында болып, «Шәмші» спектаклін тамашалады.

Ертең, 5 қазанда  І республикалық педагогтер съезінің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірінен келген 700-ден астам педагог қатысады. Ұйымдастырылған алаңдарда педагогтер өз аймақтарының атынан  озық тәжірибелерін ұсынып, үздік еңбектерімен бөліседі.