Алтынсарин академиясының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірлерінің әдістемелік орталықтарымен (кабинеттерімен) онлайн-режимде кезекті «Әдістемелік күндер» кеңесі өтті.
Кеңес жұмысының күн тәртібінде «Қазақстан педагогтерін аттестаттаудың жаңа форматы» - аттестаттау қағидаларына енгізілетін өзгерістер туралы, Біртұтас тәрбие бағдарламасы және Ақтөбе облысы әдістемелік орталығының озық іс-тәжірибесі қаралды.
Мәжіліске қатысушыларға педагогтерді аттестациялаудың жаңа форматының жобасы, аттестациялаудың ережесі, мерзімі, кезеңдері, критерийлері, педагогтердің үздіксіз кәсіптік даму Ұлттық тұғырнамасы таныстырылды.
Сондай-ақ кеңесте Біртұтас тәрбие бағдарламасының тәрбие құндылықтары: ұлттық мүдде, ар-ұят және талап; тәрбие тұғыры, интерактивті тәрбие әдістері, әлеуметтік тәжірибелер мен жобалар, құндылықтар мен атрибуттарды дарыту жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Кеңес барысында Ақтөбе облысында жүзеге асқан қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын жою моделі ұсынылды. Модельді іске асыру жолдары, жұмыс бағдарламалары, бағыттары, қабылданған шешімдер, ауыл мектептеріне әдістемелік көмек көрсету шаралары т.б. мәселелер қаралды.