Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 28 қыркүйегі күні «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талаптарын іске асыру.
Шара жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Р.А.Қаратабанов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Ж.Ж.Жылқышиева, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің бас консультанты А.Ж.Қаженбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінің эксперті Р.Д. Азреткулов, әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл, «Үздіксіз кәсіби білім беру» институтының директоры М.А.Галимжанова және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының ұжымы қатысты.
Семинар барысында қатысушылар білім саласына қатысты көптеген өзекті мәселелер туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар тарапынан толғандырып жүрген мәселелерге арналған бағыттарға байланысты ұсыныстар берді.