Алтынсарин академиясында оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Жұмыс тобының отырысына Академияның орта білім беру мазмұны институты, педагогтер, ғалымдар мен Гете Институтының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында жұмыс тобы ұсынған «Неміс тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының жобасы талқыланды. Оқу бағдарламасының жобасы орта білім беру ұйымдарында тілдерді кезең-кезеңмен оқытуды енгізуді ескере отырып пысықталады. Жұмыс тобының мүшелері оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мақсаттарын, білім алушылардың оқу сауаттылығын дамыту мәселелерін, оқыту әдістемесін және басқаларын талқылады.
Жұмыс ағымдағы жылдың ақпан айында Алтынсарин академиясы мен Гете институты арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, оның ішінде оқу бағдарламаларын әзірлеудегі өзара іс-қимыл бойынша жүзеге асырылады.