«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының үшінші саны жарияланды

Құрметті әріптестер!

Академия сайтында «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының үшінші саны жарияланғанын хабарлаймыз. Журналдың мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу. Журнал айдарларының тақырыбы келесі бөлімдерден тұрады: оқыту әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық, функционалдық сауаттылық, тәрбие үдерісі және психологиялық қызмет, білім беру саясаты. 

«Әдістемелік компас» айдарында «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың қолданыстағы жүйесін зерттеу нәтижелері бойынша аналитикалық есеп және орта білім беру ұйымдарында сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар  берілді.   

Журналдың толық нұсқасымен Академия сайтында мына сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://uba.edu.kz/qaz/nauka/3