Жаңалықтарға қайту
26.09.2023
ЮНЕСКО-ның Бангкоктағы Мультисекторлық аймақтық кеңсесінің аға офицері Натали Хонгпен кездесу өтті
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева ЮНЕСКО-ның Бангкоктағы Мультисекторлық аймақтық кеңсесінің аға офицері Натали Хонгпен кездесті.
Кездесуде Қазақстандағы педагогтерді кәсіптік даярлау және дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, «Педагог» кәсіптік стандартын әзірлеу, енгізу және іске асырудағы Қазақстан тәжірибесін, сонымен қатар осы үрдістегі Академияның рөлін талдады.
Кездесу қорытындысы бойынша ЮНЕСКО-ның педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жобаларына Академияның қатысуы туралы келісімге келді.