Алтынсарин академиясы Павлодар облысының білім беру басқармасымен бірге «Көптілді білім беру моделін дамыту және тарату» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Іс-шара «Білім беру жүйесі мен ғылымды жаңғыртудың ғылыми негіздері» НҚБ шеңберінде жүргізілді.
Конференцияға қатысушылар мектептерде шеттілдік ортаны дамытудың моделдерін, тиімді жүйесін іске асыру тетіктерін, білім алушылардың тілдік және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру негіздерін, көптілді білім беру мазмұнын талқылады. Сонымен қатар конференцияның секциялық жұмысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, информатика пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар жүргізіп, Алтынсарин академиясының ғалымдарымен кіріктірілген пәндер, функционалдық сауаттылық, метапәндік және негізгі құзыреттерді дамыту және тілдік пәндер мазмұнының өзекті мәселелерін талдады.