Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және қосымша білім беру департаменті Алтынсарин академиясымен министрліктің қарамағындағы ұйымдар басшылары мен мамандарына арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасын түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова өңірлердегі тәрбие саласының мамандарына, әдіскерлерге, педагогтерге, сынып жетекшілеріне Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде оқыту семинарларын өткізіп жатқанын айтты.
Академия президенті Мадина Тыныбаева өз сөзінде ұрпақ тәрбиесінде ұлттық және тұлғалық құндылықтардың маңыздылығына тоқталып, тұлға тәрбиесі бәріне ортақ екенін жеткізді. Академияның вице-президенті Руслан Қаратабанов тәрбие оқу мақсаты мен сабақ мазмұнында болу керектігіне баса назар аударып, бойында ұлттық құндылықтары бар тұлға бейнесі туралы баяндады.
Сонымен қатар семинарда Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде тәрбиенің заманауи принциптері, іске асыру тетіктері мен жолдары түсіндірілді.