qaz
Академия басшылығы «Өрлеу» орталығымен және Назарбаев университетімен кездесулер өткізді

Бүгін Академия басшылығы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Әсел Мұхаметжановамен, сондай-ақ Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сағынтаевамен кездесулер өткізді.

«Өрлеу» орталығымен өткен кездесуде педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы, коллаборацияны тиімді жүргізу үшін жол картасын құру шеңберіндегі өзара ынтымақтастық мәселелері қаралды, сондай-ақ бірлескен қызметті іске асыру үшін екі ұйымның жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Назарбаев университетінің басшылығымен кездесу барысында ЖОО білім алушылары мен түлектерін білім беру саласының ғылыми-зерттеу қызметіне қатыстыру мәселелері қарастырылды.