qaz
«Күнделік» жүйесінің негізгі ерекшеліктері және жаңашылдықтары

Алтынсарин академиясы әдістемелік қызметті үйлестіру жұмысы шеңберінде өңірлердегі әдістемелік орталықтардың басшылары мен әдіскерлеріне онлайн-кеңес өткізді. 

Семинарға қатысушылар жаңа оқу жылындағы «Күнделік» жүйесінің негізгі ерекшеліктері және жаңашылдықтарымен танысты. Соның ішінде жүйеге ҚМЖ жүктеу, білім сапасы мен деңгейі туралы деректерді және үлгерім есебін іздеу туралы ақпарат алды. Облыстық әдістемелік орталықтардың басшылары «Күнделік» жүйесіне қатысты әртүрлі сұрақтарға жауап алды. 

Семинардың толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://youtu.be/ly1OQYjNJ94?si=1rimamnFmqVU_p-D