Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен Алтынсарин академиясының Әдістемелік қызметті үйлестіру және педагогті кәсіби дамыту орталығы Мектепішілік бақылау бойынша онлайн-семинар ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты – Алтынсарин академиясының үйлестіруімен әзірленген Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықты таныстыру.
Тыңдаушыларға Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері, бақылау түрлері, аспектілері, принциптері мен функциялары жан-жақты түсіндірілді. Лекторлар Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру нұсқаулығының құрылымын, нұсқаулық бойынша 6 бағытты, басқарушылық шешімдер матрицасын, МІБ жоспарының шаблонын жеке-жеке баяндады. Сонымен қатар семинар спикерлері қатысушылардың МІБ жүргізуде қиындық тудыратын мәселелері туралы сұрақтарына жауап берді.