Алтынсарин академиясында еліміздің 20 өңірінің әдістемелік орталықтарының басшыларымен «Әдістемелік күндер» онлайн-кеңесі өткізілді.
Кездесуде Академия қызметкерлері әдіскерлерге оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін, мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұнын түсіндіріп, Ақмола облысының әдістемелік орталығының озық тәжірибесін ұсынды. Өз кезегінде әдіскерлер оқу процесін ұйымдастыру бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Кеңес соңында өңірлік әдістемелік орталықтардың басшыларына ақпаратты одан әрі әдістемелік кабинеттерге каскадты әдіспен түсіндіру туралы тапсырма берілді.
«Әдістемелік күндер» іс-шарасы әдістемелік қызмет құрылымында тік және көлденең коммуникацияларды күшейту, сонымен қатар әдістемелік орталықтардың қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыс шеңберінде озық педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында айына екі рет тұрақты негізде өткізілетін болады.