Жаңалықтарға қайту
15.09.2023
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін зерттеу нәтижелері бойынша аналитикалық есебі
Алтынсарин академиясының сайтында Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін зерттеу нәтижелері бойынша аналитикалық есебі жарияланды. Аталған есепті Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығы әзірледі.
Аналитикалық есепте зерттеу нәтижелері, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерге, білім басқармалары мен әдістемелік кабинеттерге, ведомстволық бағынысты ұйымдарға, мектеп басшылары мен педагогтерге мектептерде критериалды бағалауды іске асыруды одан әрі жетілдіру туралы ұсынымдар берілген.
Аналитикалық есеп туралы толық ақпарат келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3