Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және Адамның үйлесімді дамуы Ұлттық институтымен бірге мемлекеттік қызметшілер үшін Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша семинар өткізді. Аталған бағдарламаға сәйкес педагогтер мен уәкілетті органдар өкілдерінің оқушыларды тәрбиелеуде бірыңғай әдіс-тәсілдері көзделген.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, білім басқармаларының мамандары, барлығы 170-тен аса адам қатысты.
Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов семинар қатысушыларына Біртұтас тәрбие бағдарламасының ерекшеліктері туралы айтып, тыңдаушылардың назарын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ескеру қажет аспектілерге аударды. Семинарға қатысушылар мектеп бітірушінің моделін, атап айтқанда, мектепті бітірген кезде оның бойында болуы тиіс қасиеттерді талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар спикерге сұрақтар қойып, баланы отбасында және мектепте тәрбиелеудегі жеке тәжірибелерімен бөлісті.