Орта білім беру ұйымдарында сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар

Алтынсарин академиясының Педагогикалық квалиметрия және халықаралық зерттеулер орталығы Орта білім беру ұйымдарында сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі.   

Әдістемелік ұсынымдар мазмұнында сабақтың  әртүрлі кезеңдерін жоспарлау бойынша теориялық негіздер мен практикалық ұсынымдар баяндалады. Сонымен қатар әдістемелік ұсынымдарда оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына түрлендіру, сараланған тәсіл стратегияларын іске асыру, сабақтарды жоспарлау бойынша педагогтердің кейстері және т. б. туралы да жазылған.

Әдістемелік ұсынымдар туралы толық ақпарат Академияның сайтында қолжетімді: https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3